Қазақстандықтар су тасқыны жағдайын онлайн бақылай алады

19.04.2024, 09:17
772
Қазақстандықтар су тасқыны жағдайын онлайн бақылай алады ortcom_kz

Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ ресми өкілі Альбина Атен ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, енді әрбір азамат GOV.KZ сайтында су тасқынына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен Орал, Атырау, Қостанай қалаларындағы жағдайды көре алады. 

Сондай-ақ eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдауға арналған сервис іске қосылды. 

«Қызмет су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы барлық азаматтарға қолжетімді. Азаматтар енді тікелей eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы арызды оңай әрі ыңғайлы түрде бере алады», - деді спикер. 

Оның айтуынша, Astana Hub су тасқынын басқару бойынша 30-дан астам инновациялық шешімді жинап, оларды Төтенше жағдайлар министрлігінің қарауына ұсынды.

ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай және Әсел Тұрсынмен бірге америкалық стартап Қазақстандағы су тасқынына қарсы көмек көрсету үшін автономды дрондарын ұсынады. 

«Дрондар бүгін Қазақстанға келеді, олар Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе Атырау қаласында жүк жеткізуді жоспарлап отыр», - деді ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар, Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты Батыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарындағы «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК және жеке геодезиялық компаниялардың мамандары арасынан штабтар ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша сыни нүктелер мен қорғалмаған учаскелер айқындалды, оларды нығайту және қосымша қорғаныш үйінділерін орнату қажет.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді