"Бір ай Түркияда тұрып келдік": Ермек Шынболатов актриса Ақбота-Нұрмен не байланыстыратынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.04.2024, 13:28
2468
"Бір ай Түркияда тұрып келдік": Ермек Шынболатов актриса Ақбота-Нұрмен не байланыстыратынын айтты бейнежазбадан алынған кадр

“Дәстүр” фильмі арқылы танылған актер Ермек Шынболатов отандық кино жұлдыз Ақбота-Нұрмен қалай танысқанын “Taboo” бағдарламасында айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қос өнер иесі түрік еліне барып, фильм түсіріп келді. 

“Ақбота жеке парақшасына видео жүктеп еді, халық шулап кетті. Қызық болып жатыр. Бірақ сол жобада бірінші рет таныстым. Әркім әртүрлі пікір айтып, неше түрлісін естідім. Екеумізде тек шығармашылық қарым-қатынас. Басқа ештеңе байланыстырмайды. Бір ай Түркияда тұрдық. Жобаның түсіріліміне қатыстық. Оған менің сезімім жоқ. Оның да маған көңілі ауды деп ойламаймын”, – деп күлді актер. 

Жас талант иесі қандай фильм түсіріп жатқанын да айтып берді. Ақбота екеуі ғашық адамдардың образын сомдайды екен. 

“Халық шулап кетті ғой. Ол видео да фильмнің түсірілімінен үзінді ғана болатын. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын қос ғашықтың рөлін сомдаймыз. Әкем болып Дулыға Ақмолда ағамыз ойнайды. Түрік елінде бір ай тұру өте қиын екен. Елді сағынып әрең жеттім”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Айта кетейік, Ақбота-Нұр жеке парақшасындағы видеосы оқырманға түрлі ой салды. Қалың көпшілік жұлдыздардың арасында сезім бар деп болжауға кіріскен еді.

"Әдемі жарасып тұрған сияқты. Жақсы жұп шығар еді", "Екеуінің видеосы көп шығып жатыр. Араларында сезім бар сияқты", "Екеуінің арасында не бар? Кім біледі?", "Екеуі кездесіп жүр ме?", "Бақытты болыңдар", "Әдемі жарасып тұр. Фильмде ғана емес, өмірде де қол ұстасып жүрсе таңғалмаймын", – деп жазды оқырман қауым.  

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)