5165

«Жүрегім сыздап кетті»: Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады (видео)

Әншінің Салтанатқа арнап жазған әнін жұрт қызу талқылады.

«Жүрегім сыздап кетті»: Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады (видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық әнші Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады. Эстрада жұлдызы өз туындысын TikTok парақшасына жүктеді. 

Өнер иесі Қайрат Нұртастың "Арман" әнін жаңаша нұсқада орындаған.

"Мен емес, видео сөйлесін. Арман, адастырмай мені қоя тұр. Жалған, құшағыңды маған жая тұр" ,- деп жазған әнші.

Желі қолданушылары видео астына түрлі пікірлер жазып қалдырды.

"Жылап отырмын, жай тыңдай алмаймын. Осындай періштенің өміріне балта шапты", "Қаншама қыз тағдыры осылай кетіп жатыр. Өкінішті", "Жүрегім сыздап кетті" , "Мына әннің мағынасын енді түсіндім" деді көпшілік.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор