«Болашақ» стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамаларына құжаттарды қабылдау басталады

20.04.2024, 10:16
889
«Болашақ» стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамаларына құжаттарды қабылдау басталады nu.edu.kz

Құжаттарды қабылдау 29 сәуірге жоспарланған және 25 қазанда аяқталады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылы алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды қабылдау үздіксіз жүргізілетін болады. 

Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады. «500 ғалым» бойынша өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет bolashak.gov.kz. порталында «Үміткердің жеке кабинеті» бөлімінде онлайн жүргізіледі. Шетелде кадрлар даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі.

2024 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша – 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін - 110 стипендия бөлінді.

Басым мамандықтар тізбесі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиялары мен жоспарлары бойынша қалыптастырылды. Үміткерлер су қауіпсіздігі және су бұру, агроорман шаруашылығы, құрылыс, АӨК, жасанды интеллект, молекулалық генетика және т. б. сияқты өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өте алады.

«Болашақ» стипендиясы бойынша квоталық санаттар қарастырылған. Олар инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық мамандар және ауылдық жерлерден кандидаттар. Квоталық санаттағы үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады, сондай-ақ құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік жоғары оқу орнына өз бетінше түсудің қажеті жоқ. Олар стипендия тағайындалғаннан кейін оқу орнын таңдай алады.

Академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқу материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар өтеледі, сондай-ақ ай сайынғы стипендия төленеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптармен, басым мамандықтар тізбесімен, университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімімен bolashak.gov.kz. сайтында танысуға болады.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті