Бишімбаев ісі: прокурор Айжан Аймағанова халыққа алғыс айтты

20.04.2024, 10:53
1335
Бишімбаев ісі: прокурор Айжан Аймағанова халыққа алғыс айтты ашық дереккөзден

Прокурордың айтуынша, ол аз уақыт ішінде танымалдылыққа ие боламын деп ойламаған. Тек жалған парақшалардан аулақ болғысы келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазіргі уақытта ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы, Астана прокурорының аға көмекшісі Айжан Аймағанова Instagram парақшасында жазба жариялады.

Прокурордың айтуынша, ол аз уақыт ішінде танымалдылыққа ие боламын деп ойламаған. Тек жалған парақшалардан аулақ болғысы келген.

"Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парақшам, менде TikTok жоқ. Студенттік кезімнен @zhakiti парақшам бар, осыған орай осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар парақшамды @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым",  деп жазды ол.

Атышулы Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы қазіргі уақытта желіде белсенді бола алмайтынын айтып, көпшілікке көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

"Өмірде қолданатын көп нәрсе ұқтым. Бір айтып кететін жағдай: адам болып өмірге келген соң адам болу  міндет. Сондықтан болып жатқан істерге бейжай қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы, жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол ұшын беріп көмектесейік",  деп түйіндеді прокурор.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды