Елордалық мамандар білім беру мекемелерінде АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу бойынша жағдайды талқылады

20.04.2024, 16:20
877
Елордалық мамандар білім беру мекемелерінде АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу бойынша жағдайды талқылады

Кеңеске 200-ден астам адам қатысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының Білім басқармасы, Полиция департаменті және АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін білім беру жүйесіне интеграциялау. АИТВ-инфекциясы орталығы мен мектептің өзара әрекеттесуі. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудағы мектеп психологының рөлі» тақырыбында жиын өткізді.

Кеңеске қатысушылар қауіпсіз мінез-құлық, нашақорлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударды.

Кеңеске 200-ден астам адам қатысты. Білім басқармасының, Полиция департаментінің және АИТВ орталығының өкілдері АИТВ-инфекциясын жұқтыру және нашақорлықтың таралу қаупімен байланысты жағдайларды жастар арасында болдырмау және алдын-алу мәселелері туралы айтты.

Өз кезегінде Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Адылбаев білім беру мекемелеріндегі алдын алу шараларының маңыздылығы мен өзектілігін ерекше атап өтті. Астана қаласының Полиция департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы, полиция полковнигі Сергей Ильиных Қазақстандағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының іске асырылу барысымен таныстырып, оқушылармен жұмыс істеу әдістері, есірткі қылмысының жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады.

Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Аскаров білім беру мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратындығын және ересек өмірде инфекция қаупін болдырмауға ықпал ететінін баса айтты.

«Полиция департаментімен бірлесіп, жастарымызды мектептерде АИТВ - инфекциясына қарсы шаралар және нашақорлықтың қауіптілігі туралы хабардар ету үшін қосымша іс - шаралар ұйымдастыруды ұсынамын», - деді Қанат Аскаров.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекеме өкілдерімен АИТВ бойынша білім беру бағдарламаларын жасөспірімдердің әртүрлі жас аралықтары және мәдени ерекшеліктеріне бейімдеу маңызды екендігі атап өтілді. Ата-аналар мен тәрбиешілер бұл процеске білім беру іс-шаралары мен ақпараттық науқандар арқылы қатысуы керек деді олар. Мамандардың пікірінше, қоғамдағы осы өзекті мәселені шешуде, тек бірлескен күш-жігермен және өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету арқылы ғана табысқа жете аламыз.

Кеңес нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын одан әрі бірлесіп іске асыру туралы шешім қабылданды, білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша бірқатар шаралар жоспары бекітілді.

Айта кету керек, АИТВ-инфекциясы - бұл адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған баяу дамитын жұқпалы ауру. Вирус иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды. Инфекцияға ең сезімтал — 25 жасқа дейінгі адамдар.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)