Балкон жақтауынан ұстап, өмірі үшін күрескен: Ақтөбеде 19 жасар қызды танысы зорлап, жетінші қабаттан құлатып жіберген

20.04.2024, 20:11
2401
Балкон жақтауынан ұстап, өмірі үшін күрескен: Ақтөбеде 19 жасар қызды танысы зорлап, жетінші қабаттан құлатып жіберген diapazon.kz

Ақтөбеде 19 жастағы қызды танысы зорлап жетінші қабаттан тастап жіберген. Бойжеткен балконнан ұстап өмір үшін күрессе де жігіт оның қолынан ұрып, құлатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қылмыс өткен жылдың 8 маусымында Тургенев көшесіндегі 12 қабатты үйде болған.

Ал Диапазон басылымының жазуынша, 19 жастағы Әйгерім өзінің танысымен бірге пәтерде болған. Деректерге сай, жігіт қызды зорлап кейін оны жетінші қабаттан тастап жібермек болған. Әйгерім екі қолымен балконның ағаш жақтауынан ұстап өмірі үшін күрескен. Алайда ер адам оның саусақтарынан ұрған. Соққыға шыдай алмаған бойжеткен төмен құлап, алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды.

Сот ер адамды қызды зорлап, өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды. 

Әйгерім Ақтөбенің ГМЗ ауданында тұрып, №15 мектепті бітірген. Университетте староста болған. Бастапқыда іс зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу баптары бойынша қозғалған. Алайда тергеу барысында Әйгерімнің мүлде өлгісі келмегені, өмірі үшін күрескені белгілі болды. Оның құрбылары да арудың өз-өзіне қол жұмсағанына сенбеген.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады