Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры әртістері Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті

21.04.2024, 11:20
934
Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры әртістері Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Театр әртістері үшін бұл айтулы оқиға, өйткені бұрын спектакль елден тыс жерде көрсетілмеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Саха Республикасының (Якутия) мәдени күндері аясында алғаш рет «Ньургун Боотур» операсының көрсетілімі қазақстандық көрерменге жол тартты. 

«Ньургун Боотур» – көптеген хор және балет сахналары бар көлемді ұлттық якут жобасы. Спектакль якут эпосына негізделген және басты кейіпкердің, батыр Ньургун Боотурдың тылсым әлем күштерімен күресі туралы баяндайды.

Режиссер Андрей Борисовтың қойылымына 200-ге жуық оркестр, опера, балет, хор және драма әртістері қатысты. Реквизиттердің, костюмдер мен аяқ киімдердің жалпы салмағы 3,5 тоннаға дейін барады. Ал театрдың симфониялық оркестр құрамы белгілі шығармашылық ұжым «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің қатысуымен әрлене түсті.

Д.К. Сивцев-Суорун Омоллоон атындағы Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Владислав Левочкиннің айтуынша, көрермен якут ұлттық эпосының қойылымын тамашалады.

«Біздің театр Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті және біз Якутияның кәсіби өнерінің басты жетістігі атанған «Ньургун Боотур» операсын көрерменге ұсынғанымызға қуаныштымыз. Менің ойымша, әрбір көрермен біздің арамызда ортақ дүние көп екенін, Қазақстан мен Якутияның мәдени тамыры тереңде екенін байқайды», - деді ол.

«Ньургун Боотур» спектаклі 22 сәуірде Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қойылады.

Ақтөбелік ағайындылар жиен қызды зорлап, анасынан ақша бопсалаған «Әкесі 11 жастағы ұлын атып, оны ешкімге айтпауын сұраған»: Мектеп дәрігерлері баланың бойындағы сұмдықтан шошыды Трамп Қытайға өте сыпайы қарауға уәде берді Қазақстан «оқымысты» елге айналып барады «Жансақтау бөлімінде жатыр»: ер адам көлік ішінде өзін өртеп жіберді (ВИДЕО) «Саяси тапсырыс емес»: Берденов туралы депутат пікір білдірді Оққа ұшқан Руслан Берденовке қолдау білдіремін деп Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды Шиеліде 42 жастағы келіншектің қолын мұғалім күйеуі балталап тастаған Абай Бегейдің қызы тағы заңсыз ұтыс ұйымдастырып, жұрттың наразылығына ұшырады БҚО мектептерінде зейнет жасындағы мұғалімдерді өтемақысыз жұмыстан шығарған Ақтауда 35 жастағы ер адам әскерге шақырту алған Министр Аида Балаева да Дженнифер Лопестің концертіне билет алған Жириновскийдің шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды Ауыл әкімі сирек кездесетін гүлдермен селфи жасап, жұрттың наразылығын туғызды «Ернарды Берденов сондай ауыр жағдайға жеткізген»: белгілі заңгер Берденовтің жаралануы туралы Ер адам түсінде опасыздық жасаған әйелін пышақтап тастады 23 сәуір - Ұлттық кітап күні 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Халық үшін қам жеген асыл азамат»: Сәкен Майғазиев қастандық жасалған Руслан Берденовке қолдау білдірді «Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады