Бишімбаев сотында алқабилерді көрсетіп қойған журналистерге сот шешім шығарды

Аиса Махамбет Редактор
21.04.2024, 11:56
791
Бишімбаев сотында алқабилерді көрсетіп қойған журналистерге сот шешім шығарды бейнежазбадан алынған кадр

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты туралы сюжетте алқабилерді елге көрсетіп қойған КТК арнасы журналистерінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот басынан бастап БАҚ өкілдеріне сот үкімін шығарған кезде олардың объективтілігіне әсер етпеуі үшін алқабилерді көрсетуге ресми түрде тыйым салған болатын. Алайда КТК арнасы сюжет барысында алқабилерді қатар алып, бұл видео TikTok желісінде тарап кетті. 

Салдарынан қазақстандықтар алқабилерді көрді. Осыдан кейін сот БАҚ қызметкерлерін залдан шығару туралы шешім қабылдады.

Кейін КТК қызметкерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы (сотты құрметтемеу) бойынша хаттама толтырылып, үш адам - корреспондент Анна Абрамова, оператор Абылхан Самбетов және бас редактор Александр Подойников жауапқа тартылды.

Алғашқы екеуі кінәні толық мойындады. Ал олардың жетекшісі кінәні ішінара мойындады. Үшеуіне де 20 АЕК айыппұл салынып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы жаза қолданылған еді. Алайда сот кейін ескертумен шектеліп, ешкімді қатты жазаламауға шешім қабылдады.

Журналистер сот қаулыларына шағымдануға құқылы.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды