1175

Қызылорда тұрғыны "Спартандық" дулыға киіп, суретке түсемін деп дулығаны шеше алмай қалды (фото, видео)

Салдарынан құтқарушыларды шақыруға тура келді.

Қызылорда тұрғыны "Спартандық" дулыға киіп, суретке түсемін деп дулығаны шеше алмай қалды (фото, видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда тұрғыны естелік үшін суретке түсемін деп қиындыққа тап болды — ол "Спартандық" дулыға киіп, темір дулығаны басынан шеше алмай қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қызылордалық құтқарушыларға ерекше жағдайға тап болған адам туралы хабар келіп түске. Олар ер адамға басындағы темір дулығаны шешуге көмектесті.

"Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға шешілмей жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғынның досы суретке түспек болып, басына темір дулыға киген, алайда оны шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматқа зиян келтірмей, дулығаны шеше алды", - делінген ведомствоның Telegram арнасындағы хабарламасында. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор