846

Екі аптадан бері табылмай жатыр: Семейде ағасы мен әпкесі із-түзсіз жоғалып кетті

Семейде полицейлер мен құтқарушылар Әбішевтердің жоғалған ағасы мен әпкесін іздеуді жалғастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Екі аптадан бері табылмай жатыр: Семейде ағасы мен әпкесі із-түзсіз жоғалып кетті
lider.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздестіру шаралары жүргізілуде.

Абишевтер 2

LIDER.KZ еріктілерінің хабарлауынша, 2008 жылы туған Әбішев Абзал мен 2005 жылы туған Әбішева Алтынай 2024 жылдың 7 сәуірінде жоғалып кеткен. Ағасы мен әпкесі 15-16 сағатта үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі оралмаған.

Алтынайдың белгілері: бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара. Үстінде: тізеге дейінгі жасыл күрте, қара футболка, қара кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі арық, шашы ақшыл, оң көзінің астында тыртық бар. Үстінде: қара жеңсіз жилет, көк түсті футболка, қара джинсы шалбар, қара кроссовкасы бар.

Материал авторы