Бұл қазақтың менталитеті: Құдайберген Бекіш өнер адамдарын жақтырмайтындар туралы айтты

22.04.2024, 09:58
3111
Бұл қазақтың менталитеті: Құдайберген Бекіш өнер адамдарын жақтырмайтындар туралы айтты Бейнежазбадан

Өнер иесінің айтуынша, әншілерді қаралайтындар қатарында егде тартқан адамдар да бар көрінеді.

“Қазір әлеуметтік желіде бірнәрсе қылт етсе, қазақ халқы бір-біріне жаман сөздер жазып, ұрсысып жатады. Жас бала болсын, 50-60 жастағы ересек болсын. Сондай-ақ олар көбінесе өнер адамдарын қарғап-сілеп отырады. Мен мемлекеттен ақша алып, я болмаса мемлекет маған ән жазып, кеш ұйымдастыруға, киім сатып алуға ақша беріп жатқан жоқ. Біз өз нәпақамызды өзіміз тауып жүрген адамдармыз. Мысалы, тойға шақыратын адам ол өзі шақырады, шақырмаған жерге сен бармайсың ғой. Сені тойға шақырғанда ол адам сені қалап тұр деген сөз. Сондықтан тойға бармайтын әншілер болмайды”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Сонымен қатар мәдениет саласының өкілі тойды қазақтан бөліп-жара алмайтынын айтып, тарихтан сыр шертті. 

“Кезінде Ақан сері, Майра, Біржан сал, ақынның көпшілігі тойға барған. Бұл – қазақтың менталитеті. Біз балаға да қуанамыз, үйге келін түссе де қуанамыз, сүндет той мен тұсаукесерге де қуанамыз. Біз қуанышты бөлісетін халықпыз. Әрі оны той арқылы жеткіземіз. Бүгінде "той әншісі" деген танымал үрдіс бар. "Той әншісі" деп бөлетіндердің өзі тойдан шықпайды. Әнді "тойский" деп бөлуге болмайды. Әншінің тек ән кешіне арналған әні бар, жеке ішкі дүниені жеткізетін әндері де бар", – деді ол.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)