Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр

09.06.2025, 09:05
689
Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр GOV.KZ

Тазарту келесі 13 жыл бойы жыл сайын жүргізілмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы су қоймасы 55 жыл ішінде алғаш рет кешенді түрде тазартылып жатыр. Жұмыстарды Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Қазсушардың» Ақмола облыстық филиалы жүргізуде.

Министрліктің мәліметінше, тазарту процесіне екі арнайы техника жұмылдырылған:

– Сағатына 2000 текше метр шөгіндіні сорып шығаратын ірі жер снаряд;
– Сағатына 900 текше метрге дейін қуаты бар көпфункционалды, өздігінен жүретін шағын жер снаряд.

2024 жылы су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Жұмыс қазан айының соңына дейін жалғасып, келесі 13 жыл бойы жыл сайын жүргізілмек.

Тазарту нәтижесінде су қоймасының сыйымдылығы 47 миллион текше метрге артады. Бұл елорданың ауызсу қорын көбейтіп, су тапшылығын азайтуға сеп болады.

Су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген және осы уақыт ішінде түбін тазалау алғаш рет қолға алынып отыр.

"Президент тапсырмасына сәйкес арнайы мамандар тобы құрылып, техникамен жұмыс істеуге оқытудан өтті. Астана су қоймасы – стратегиялық маңызды нысан. Қазіргі заманғы техниканың арқасында 50 жылдан кейін алғаш рет толық тазартуға мүмкіндік туды", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды