«Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
06.06.2025, 18:30
6555
«Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Алматы қаласында түнгі клубтың басшысы өз қызметкерін зорлады деген күдікпен қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлеуметтік желіде Елиссей есімді жігіт өзіне жыныстық зорлық көрсетілгенін айтып, бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, оқиға биыл 24 наурызда болған.

"Таңертең, түнгі ауысымнан кейін, қауіпсіз деп есептелетін, сіздер үнемі мақтап отыратын AMIR Project негізін қалаушы Амир мені клубтағы кабинетте зорлады. Біз екеуіміз де шегіп алғанбыз, не болып жатқанын түсінбедім. Қарсыласуға қауқарым болмады. Осы оқиғадан бері екі жарым айдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде аман қалуға тырыстым", – деді ол видеода.

Елиссейдің айтуынша, ол өз өмірі үшін қорқып, үнсіз жүруге мәжбүр болған.

"Қалай өмір сүрерімді білмедім. Айналама да, айнадағы өз бейнеме де қарай алмадым. Бұл өте ауыр әрі қорқынышты. Қазір де айту оңай емес. Бірақ мен бұл бейнені Амирді айыптау үшін жариялап отырмын. Өйткені бұл — кешірілмейтін нәрсе. Мұны жай кешіріммен жабуға болмайды. Мен кешіре алмаймын", – деді ол.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында анықталған.

"Медеу аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші полицияға ресми арыз жазды. 29 жастағы күдікті — сол клубтың басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.

Қазір оқиғаға байланысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне, оның ішінде арызда көрсетілген барлық мән-жайға құқықтық баға беріледі", – деді полиция.

Іс Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)