989

Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Қыз ЭКГ тексеруіне келген.

Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды
depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаМәскеуде мейіргер боп жұмыс істейтін Өзбекстан азаматы жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді.

Мәскеудің жекеменшік емханасында 20 жастағы мейіргер 16 жастағы жасөспірімге қатысты зорлық әрекеттері үшін қамауға алынды. Бұл туралы Baza Telegram-арнасы хабарлады.

Жасөспірім жұмысқа орналасуға қажетті ЭКГ тексеруіне келген. Тергеу мәліметіне сай, мейіргер оны кеңсеге шақырып, футболкасы мен шалбарын шешуді талап еткен соң, жыныстық сипаттағы зорлық әрекет жасаған.

Пәтерге жасөспірімді күтіп тұрған туыстары мен емхана қызметкерлері кіріп келген соң дереу полиция шақырылған. Қазір күдікті қамауда, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор