«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды

09.06.2025, 17:52
923
«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды Reuters

Кәсіпкердің көзін Ақ үйдегі Трамппен кездесуде көк ала қойдай еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың атақты кәсіпкері әрі миллиардері Илон Маск Ақ үйде соққыға жығылған. Оны ұрған — қазіргі АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент. Оқиғаның егжей-тегжейін Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшілерінің бірі баяндаған.

Мәліметке сүйенсек, төбелес сәуір айының ортасында болған. Сол күні Маск пен Бессент Ақ үйге келіп, президенттің кабинетінде жоғары лауазымға тағайындауға қатысты пікір білдіруі керек болған. Алайда Трамп сайып келгенде Бессенттің ұсынысын қабыл алған.

Кеңесшінің айтуынша, кездесу аяқталған соң екеуі дәлізге шығып, сөзге келіп қалған. Екі жақ бір-бірін балағаттай бастаған, артынша Бессент Маскты “алаяқ” деп атаған.

“Сол кезде Маск регбидегі соққы іспетті Бессенттің кеуде тұсынан иығымен соққан. Бұған жауап ретінде қаржы министрі жұдырық ала жүгіріп, Маскқа қарсы шап берген. Араға бірнеше адам түсіп, екеуін әрең ажыратқан”, – делінген деректе.

Айта кетейік, дәл осы кезеңде Маск пен Трамптың арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлай бастаған.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады