Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО)

Азиз Қалижан Редактор
09.06.2025, 19:13
1113
Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) жеке парақшасынан

Отбасы сүйінші жаңалығын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі актриса Лидия Кәденованың ұлы, елге танымал шоумен әрі тележүргізуші Дидар Кәден отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол екінші некесінен тағы бір ұлды болғанын Instagram парақшасында хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Шоумен сәбидің дүниеге келуін әсерлі өлең жолдарымен жеткізді. Жаңа туған ұлының өмірге келуін үлкен тағдыр сыйы деп бағалаған ол, жазбасына жұбайымен түскен суретін де тіркеген.

"Сүйінші!
Биіктен көрінгендей бүгін белгі,
Бір шаттық кернеп жатыр шын іргемді.
Өмірді тағы бір рет ұғындырып,
Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді.
Шыр-пыр боп, той тойлатып жүргенімде
Шыр етіп дүниеге ұлым келді"
, – деп жазды Дидар парақшасында.

Желі қолданушылары Дидарды құттықтап, отбасына амандық пен балаға ұзақ ғұмыр тіледі.

Айта кетейік, Дидар Кәден — қазақстандық шоу-бизнес өкілі, түрлі телевизиялық жобалар мен концерттердің жүргізушісі ретінде танылған тұлға. Ол анасы Лидия Кәденова сынды өнер адамдарының әулетінен шыққан.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды