«Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті

Азиз Қалижан Редактор
09.06.2025, 17:14
1159
«Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті olympic.kz

Қолдау білдіргендерге алғысын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жас әрі дарынды боксшы Төрехан Сабырхан алдағы уақытта да ел ішіндегі жарыстарда туған қаласы – Шымкенттің атынан өнер көрсететінін мәлімдеді. Бұл жайлы спортшы өз Instagram парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, бұған дейін Атырау облысына ауысатынын хабарлағанымен, жағдай өзгерген. Себебі оны Атырауға шақырған Бауыржан Кәрімов жуырда Шымкент бокс федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған. Осы өзгерістен кейін қос тарап кездесіп, бір шешімге келген.

"Ассалаумағалейкум қазақ елі! Мен ары қарай да Шымкенттік намысын қорғаймын!

Иә, осыған дейін Атырау облысына ауысамын деп хабарлаған ем. Ол жаққа мені Бауыржан Кәрімов ағам шақырған. Жақында ол кісі Шымкент бокс федерациясының вице-президенті қызметіне келді.
Жаңа қызметіне келе салысымен біз кездесіп, әңгімелестік. Оның қорытындысы бойынша мен Шымкентте қала беретін болдым.

Бұған дейін айтқанымдай, мен тек ішкі біріншілікте жеке бір өңірдің намысын қорғаймын. Ал шет елге шыққанда Қазақстанның көк туын көтеремін.

Қолдау білдіріп отырған барлығыңызға рақмет. Ел намысын абыроймен қорғау үшін тынбай еңбектенемін!" – деп жазды Сабырхан.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – 2006 жылы Шымкентте дүниеге келген. Ол – жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарыстарда төрт рет Азия чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы. 2024 жылы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Сол жылы желтоқсанда ересектер қатарына өткен Сабырхан 2025 жылдың наурызында Болгарияда өткен Странджа кубогының жеңімпазы атанды. Жақында ғана Бангкок қаласында өткен Thailand Open халықаралық турнирінде 70 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады