Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
09.06.2025, 19:48
922
Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Күйеубаласы Сәкен шашы үшін жұрттың сынына ұшыраған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова жұрттың сынына жиі ұшыраған күйеу баласы Сәкен Қағаровтың шашын өз қолымен қиып тастады. Бұл сәтті қызы Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында жариялап, елге «армандар орындалады» деген әзіл-қатпарлы жазбасымен бөлісті.

Сәкен Қағаровтың ерекше бұйра әрі ұзын шашы бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған еді. Көпшілік оның сырт келбетіне сын айтып, «Бұйрабас», «Дударбас» деп мазақтаған. Осы пікірлерге бейжай қарамаған Жанар Айжанова да мәселені ашық айтып, қызының таңдауы мен отбасы жайлы шын жүректен сыр шертті.

– “Сәкеннің шашын көріп, халық «Дударбас» деп мазақтайды. Әңгіме қылып, күледі. Маған соның шашының бұйралығы ұнайды. Айжұлдыз бейсаналы түрде осы жігітті өзінің жағына ұқсатып таңдаған. Менің енемнің шашы – саусақ кірмейтін тасбұйра. Қайынсіңлілерім де сондай. Назар аумаған – Айжұлдыздың әкесі. Назар жасқа толғанда 90-дағы енем келіп, “Өлгенім тірілгендей күйде отырмын. Адайбектің көшірмесі екен” деді. Қан тартпай қоймайды екен”, – дейді әнші.

Ал Айжұлдыз Адайбекова болса, жұрттың көптен күткен «арманы» орындалғанын әзілмен жеткізді:

“Хейтерлер, сәлем! Армандар орындалады”, – деп жазды ол күйеуінің шашы алынып жатқан сәттен бейнежазба бөлісіп.

Көпшілік әзіл мен шындық аралас бұл оқиғаға түрлі пікір білдіріп, кейбірі Жанар Айжанованың шешімін қолдаса, енді бірі Сәкеннің бұрынғы стиліне қайта оралуды тіледі.

 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады