8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан

Аиса Махамбет Редактор
09.06.2025, 15:51
1165
8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан бейнежазбадан

Зәбір көрген оқушы тізерлеп тұрып, кешірім сұрап жатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Екатеринбург қаласында жасөспірімдер арасында болған сұмдық оқиға жұртты шошытты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мектеп оқушысының белгісіз ғимарат ішінде тізерлеп тұрып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытылғаны және кешірім сұрап жатқаны көрінеді.

— Мен [оқушының аты] алдында кешірім сұраймын, себебі... – деген сәтте, жәбірленуші сөзін аяқтай алмайды. Сол сәтте басқа оқушы оған тап беріп, ұруды бұйырады.

— Қажеті жоқ... – деп жалбарынады тізерлеп тұрған жасөспірім.

Алайда бір сәтте оның оң жағында тұрған екінші бала оны аяғымен ұрады, артынша екеуі бірігіп ұрып-соғып, кейін оқиға орнынан кетіп қалады.

Оқиға "Бандитский центр [ЕКБ]" атты топта жарияланған. Видео авторларының айтуынша, бұл – сегізінші сынып оқушылары. Алғашқыда екі бала арасында жанжал туындаған, артынша біреуі достарын қарумен ертіп келіп, қатарласын жабылып соққыға жыққан.

Ресейдің Тергеу комитеті бұл оқиғаға байланысты «бұзақылық» (Қылмыстық кодекс 213-бабы) және «бостандықтан заңсыз айыру» (127-бап) баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

— Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, екі жасөспірім қатарласын тізерлетіп қойып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ұрып-соққан. Қазіргі уақытта оқиғаға куә болғандар мен оқушылардың ата-аналары анықталып, тергеліп жатыр. Жәбірленушінің денсаулығына келген зиянның деңгейі де анықталуда, — деп хабарлады Свердлов облысы тергеу комитетінің өкілі Александр Шульга.

Сонымен қатар, қатысушыларға қатысты мінездемелік деректер жинақталып жатыр. Оқиғаның себептері мен оған алып келген жағдайлар тексерілуде.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды