Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады

09.06.2025, 11:48
714
Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады AP Photo/Ohad Zwigenberg

Мұхаммед Синвар ХАМАС-ты өткен жылдың күзінен бастап басқарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль билігі ХАМАС қозғалысының жетекшісі Мұхаммед Синвардың өлтірілгенін ресми түрде растады. Оның мәйіті Газа секторындағы жерасты командалық пунктінен табылып, Израильге жеткізіліп, танылды.

Синвардың мамыр айының соңында әуе соққысы кезінде қаза тапқаны туралы ЦАХАЛ (Израиль Қарулы күштері) сол кезде-ақ хабарлаған болатын.

Мұхаммед Синвар ХАМАС-ты өткен жылдың күзінен бастап басқарды. Ол өзінің ағасы – бұрынғы жетекші Яхья Синвар әуе шабуылымен өлтірілгеннен кейін оның орнына келген.

Еске сала кетейік, Газа секторында азық-түлік тарату пункті маңында Израиль сарбаздары оқ атқан. Нәтижесінде төрт адам қаза тапты. Ал Израиль тарапы “солдаттарға жақындауға тырысқан күдікті адамдарға” қарсы оқ атқанын мәлімдеді. Ол пункттер АҚШ қолдауымен құрылған гуманитарлық қор арқылы жұмыс істейді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды