Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды

09.06.2025, 09:45
160
Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Polisia.kz

Қазіргі таңда 5 күдікті қамауда екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен ҰҚК бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ақпараттар мемлекеттік дерекқорлардан заңсыз алынған және Telegram арналары арқылы таратылған, кей жағдайларда коллекторлық компанияларға да берілген.

"140-тан астам адам, соның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Қазіргі таңда 5 күдікті қамауда. Тінту кезінде 400-ден аса компьютер мен электронды техника тәркіленді," – деді ІІМ Киберқылмысқа қарсы департаментінің басшысы Жандос Сүйінбай.

Осы іске байланысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу басталды:

205-бап, 3-бөлік – ақпараттық жүйеге заңсыз кіру,

147-бап, 5-бөлік – жеке өмірге қол сұғу және деректерді заңсыз тарату,

211-бап, 3-бөлік – шектеулі электрондық ресурстарды заңсыз тарату.

"Қазіргі кезде бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық адамдарды анықтау жұмысы жүріп жатыр," – деп қосты Жандос Сүйінбай.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады