Елімізде кейінгі екі аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы арзандады – Үкімет

22.04.2024, 14:22
709
Елімізде кейінгі екі аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы арзандады – Үкімет ҚР Үкіметі

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсетті. Сәуірдің екі аптасындағы бағаның жалпы өсу индексі: -0,2%-ды құрады.

Осылайша, пияз (-2,6%), күнбағыс майы (-1,6%), қарақұмық жармасы мен жұмыртқа (-1%), күріш (-0,5%), рожки (-0,2%) құнының төмендеуі тіркелді. Сиыр етіне орташа баға индексінің өсуі (0,6%) негізінен Ақтөбе облысындағы өнім құнының қысқа мерзімді қымбаттауына байланысты, онда тасымалдаушылар  етті барлық өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған.

«Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген», — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер бойынша. 

«Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шегіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде, Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы келісімге «Көкшетауминсу» мекемесімен қол жеткізілді. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған», — деді Айжан Бижанова.

Вице-премьер Жұманғариннің тапсырмасы бойынша Сауда комитеті БҚО мен СҚО-дағы көкөніс қоймаларын су басу және ӘМАТ қорларын жоғалту қаупі тұрғысынан мониторинг жүргізді. БҚО-да «Ел-Ырысы» базарының аумағында тұрақтандыру қорының 293 тонна күріш, 100 тонна қант, 46 тонна күнбағыс майы сақталғаны анықталды. Қойма су басудан қорғалған.

СҚО-да, ӘКК мәліметінше, көкөністердің негізгі қоры сатылды, қалғаны су басу қаупі жоқ қоймаларда сақталады.

«БҚО-дағы азық-түлік қорлары бар қойманы су басу қаупі аз болса да, қауіпсіз орын тауып, азық-түлікті әкету керек. Аздаған қауіп байқалған барлық өңірлерде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуі тиіс», — деп мәлімдеді вице-премьер.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді