"Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы сөз қозғады

22.04.2024, 13:10
7729
"Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы сөз қозғады “Мамский әңгіме” подкастынан скриншот

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірін талқылап, түрлі пікір білдіріп жатқан оқырманға ойлы жазба жариялады.

Stan.kz мәліметінше, Өнер иесі жұртты ғайбаттап, өсектемеуге үндеді. 

“Әрдайым “Адамның сыртынан тон пішпеңіздер, өлшемі келмей қалады!” деп айтамыз. Себебі сіз ол адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын, күйбіңде не күн кешіп жатқанын білмейсіз. Әртүрлі жаман, артық сөз жазып, басыңызға бес елі күнә жинайсыз. Есіңізге салайын: сол әрбір ғайбат үшін міндетті түнде жауап бересіз. Ең ауыры – айтқан әр жаман сөзіңіз өзіңіздің басыңызға келмейінше өмірден өтпейсіз. Мейлі жеке басыңызға келмесе де, балаңыз, немереңіз, бауырыңыз арқылы Алла келтіреді. Алла уәдесінде тұрушы, Ұлық! Сол себепті, сақ болыңыздар мұсылман бауырлар! Оның орнына жақсы ойлап, жақсы сөз жаудыра беріңіздер! Ол да басыңызға еселеп келе береді. Құшақтадым!” – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі екі некесінің де сәтсіз болғанын айтып, жан сырын ақтарған еді. 

“Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын. Тағдырыма ризамын. Екі балам бар, тәтті қызым бар. Қызымның әкесімен пандемия кезінде таныстық. Ол кезде намаз оқып, жүрегінде иманы бар жігітті жолықтырсам деп ойладым. Баламның әкесі діннен алыс еді. Намазхан болу – жігітке қоятын бірінші талабым. “Маған ешқандай жамандық жасамайды, баласын тастамайды” деп ойладым. Шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Имамды да үйге шақырып, неке қидырдық. Күйеуімнің артында тұрып, намаз оқу – арманым еді. 20 жылдан бері танитын досымыз араласып, нөмір алмастырып, жеңгетайлық жасады. Қажылыққа бірнеше рет барған деген сөзіне сендім. Балама көзқарасы жақсы болды. Қызын да әлі күнге дейін іздеп отырады”, – деген еді өнер иесі. 

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады