Кешкі сағат 10-нан кейін үйінен шығып кеткен қазақстандық қамауға алынды

22.04.2024, 19:53
939
Кешкі сағат 10-нан кейін үйінен шығып кеткен қазақстандық қамауға алынды canva.com

Абай ауданында кешкі сағат 22.00-ден кейін үйінен шығып кеткен жергілікті тұрғын қамауға алынды.

Ол сот шешімімен белгіленген қадағалауға алу тәртібін бұзған. 

Облыстық соттың хабарлауынша, Абай облысы сотының Facebook парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік қадағалау ережелерін немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамағаны үшін жауапқа тартылған сотталушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралды (ӘҚБтК-нің 480-бабы 2-бөлігі).

Ер адам әкімшілік қадағалауға алынған. Оған сәйкес, ер адам кешкі сағат 10-нан таңғы 6-ға дейін үйден шыға алмайды.

"Мемлекеттік әкімшілік қадағалаудағы тұлға" санаты бойынша есепте тұрған Г. тексеру барысында каннабиноидтарды қолданғаны анықталды және тексеру барысында 00 сағат 30 минутта ол үйінде болмағаны анықталған, яғни ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 480-бабы 2-бөлігін бұзған", – деп жазылған сот хабарламасында.

Сот қаулысымен ер адам құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол 4 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Қаулы күшіне енді.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 480 бабы 2-бөлігімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам өзіне қатысты сот белгілеген әкімшілік қадағалау ережелерін немесе шектеулерді сақтамаса, оған қоса әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұл құқықбұзушылықты қайталаса, сотталған адамға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады