Оралдағы саяжайларда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру жалғасып жатыр

23.04.2024, 11:59
518
Оралдағы саяжайларда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру жалғасып жатыр : Орал қаласы әкімдігі

Елімізде су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.

 

«Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынымен күресті және халыққа көмектесу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жасалып отыр. Қазір үйлерді су басудың жаңа оқиғалары тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аумақты аралау жұмыстары іске асырылып жатыр», - деді А. Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, дәл қазір еліміз бойынша 25 324 адам өз үйлеріне оралды. 8 783 адам, оның ішінде 3 832 бала эвакуациялау пункттерінде орналасқан.

«4 708 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, құрғатылды. Жедел желі телефонына 2 173 рет қоңырау шалынды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 806 су сору құралы, 310 жүзу құралы, 13 әуе көлігі жұмылдырылды», - деді ведомство өкілі.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол