"2-3 жастағы сәбилердің денесін зерттеу қиын": Бишімбаев сотындағы медициналық сарапшы жұмысындағы қиындықтар туралы

23.04.2024, 12:45
2894
"2-3 жастағы сәбилердің денесін зерттеу қиын": Бишімбаев сотындағы медициналық сарапшы жұмысындағы қиындықтар туралы Tengrinews.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың дене жарақаттарын батыл түсіндірген сот-медицина сарапшысы Тахир Халиминазаров тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өз ойымен бөлісті.

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Өзіңнің қызың болсын, біреудің қызы болсын оларға ана деген көзқарас болу керек. Қыздар — біздің, қоғамның келешегі. Қыздардың да қазір сауаты өсті, өзінің құқықтарын біледі. 3 баласы болса да, ажырасып жатқандар бар. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Балаға да тәрбиені дұрыс беру керек. Отбасында зорлық-зомбылық көрген бала да психологиялық травма алады. Оның бәрінің әсері қалады. Ол бала да болашақта сондай болуы мүмкін. Сол үшін ажырасып кетеді. Мен мұны дұрыс деп ойлаймын. Бір рет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаң оны жәй қалдыруға болмайды. Қол көтерген адамға кешірім деген болмау керек. Осы заманда, осы қоғамда әйел кісіге қол көтеру деген не? Оны қалай кешіресің?», — дейді ол.

Сондай-ақ, сарапшы моральдық тұрғыда ең қиын сараптама кішкентай баланың мүрдесіне жасалатын сараптама екенін де жасырмады.

«Ең қиын сараптамалар кішкентай балалардың өлім себебімен жасалған сараптамалар. Әрине, сарапшы сараптама жасауға кіргенде ештеңеден қорықпайды. Бірақ, денені зерттеп жатқан кезде сәбидің кішкентай қолдары, саусақтары , аяқтарына қарайсың және оған ешқашан үйрене алмайсың. Оған шыдау өте қиын. Сараптама біткеннен кейін бәрін жүрегіңе жақын қабылдайсың. Мынау жұмысым ғой деп жәй қарай алмайсың. Бәрібір баланың денесіне қолың тиеді, сол кезде ішің күйіп кетеді. Өйткені, сен адам болғаннан кейін көз алдыңда бәрібір бала-шағаң келеді. Ол да біреудің баласы. Оның ата-атасы не сезсе, сен де соны сезесің. Жасы келген адамға қатты мән бермейсің. Ал, кішкентай сәбилер періштелер ғой. 2-3 жастағы денені зерттеу — моральды тұрғыдан өте ауыр», — дейді Тахир Халимназаров.

 

«Балғынбек пен Дәулеткерей лақтырып кетті»: Серікзат Дүйсенғазы студенттік жылдарын есіне алып, көпшілікті күлдіртті «12 сағаттық жұмыс»: үнді қызының кейпіне енген Мадина Сәдуақасоваға ел тәнті болды (видео) «Қазақ тілін әңгімелесу арқылы үйрендім»: 13 тіл білетін ақтаулық мейірбике туралы не білеміз (видео) «Құны – 2 миллион теңге»: Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Енді несиесі айлығының жартысына тең қазақстандықтарға жаңа несие берілмейді «Өзіме хабарласқан жоқ»: әнші Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін не себепті бермегенін айтты «Қорғанатын дымымыз да жоқ»: Дариға Бадықова ел алдына оққағармен шыққанына өкінетінін айтты (ВИДЕО) Қайтыс болған қызға арналған: Kalifarniya «Аспан» әніне қатысты бар шындықты айтты Астанада болған Ксения Собчак Бишімбаевтың ісіне қатысты репортаж шығарды (ВИДЕО) «Бала зорламақ та болған»: Алматыда мәйіттермен жыныстық қатынасқа түскен күзетші туралы әріптесі сұмдық деректерді айтты «Бұларға жасыл түс жанып тұрады»: Вьетнамда демалып жүрген Қыдырәлі мен Қарақат сынға қалды Netflix платформасы Алматыда реалити шоу түсіреді «Өртеп жіберсе де өзі біледі»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасы жайлы ойын айтты Астанада жолақы 20 теңгеге қымбаттайды «Ішіп алғансыз ба»: Әбдіжаппар Әлқожаның биі желіде қызу талқыға түсті (видео) Астанада робототехника бойынша халықаралық чемпионат басталды Су тасқан аймақтардағы түлектерге соңғы қоңырау онлайн болуы мүмкін Асқазанына ота жасалған Айшолпан Тілеутай аз уақытта 40 келі салмақ тастады Ұлттық құрама әлем кубогының алғашқы күні финалға жолдама алды 6 градус үсік, жаңбыр, қар: 3 мамырға ауа райы болжамы жарияланды