Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы елге төрт қола медальмен келе жатыр

23.04.2024, 17:02
540
Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы елге төрт қола медальмен келе жатыр Туризм және спорт министрлігігің Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан XXXII Азия чемпионаты аяқталды.

Чемпионаттың соңғы күні ұлттық құрама аралас командалық сайыста қола медальді жеңіп алды. Жүлде жолында Түркменстанмен болған жекпе-жек 4:2 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді.

Татамиге алғаш шыққан Екатерина Токарева, одан кейін аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қарсыласының жауырынын жерге тигізді. Осы екі ортада Асқар Арапов пен Бақыт Құсақбаевадан түркменстандық дзюдошы айласын асырып кетті. Шешуші белдесуде 2022 жылғы Азия чемпионы Данияр Шамшаев командамызға жеңіс сыйлады.

Аралас командалық сайыста Жапония финалда Моңғолиядан басым түссе, екінші қола жүлде Өзбекстанға бұйырды. Түркменстан мен Оңтүстік Корея жүлдеге бір табан жетпей қалды.

Осыған дейін жекелей сында Ғалия Тынбаева (-48 келі), Жанарыс Рахметқали (-66 келі), Эсмигуль Куюлова (-63 келі) өз салмағында үшінші орыннан көрінді.

Бүгінгі сайысқа команда медаль аламыз деп шықты. Бәріміз барымызды салдық. Қазір рейтингте ұпай жинау маңызды. Чемпионатты осылай жақсы көңіл-күйде аяқтап жатқанымызға қуаныштымын, - деді Камила Берліқаш Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Азия чемпионы Олимпиада рейтингінде 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған екі дзюдошыға 350 балл қосылды. Қола жүлде үшін күресте жеңілген тағы екі спортшы 250 ұпай иеленеді.

Жекелей сындағы нәтиже өзім ойлағандай болмады. Жеребе сәтсіз болды деп ақталғым келмейді. Мұнда келген соң қарсылас таңдап жатпаймыз. Бүгін команданың медаль алуына көмектескенім үшін қуанып тұрмын. Енді алдағы ірі жарыстарда барымды көрсеткім келеді, – деді Данияр Шамшаев.

Биыл сары құрлық додасына 34 елдің 262 таңдаулы татами шебері жиналды.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)