3009

Танымал блогер тоғыз баласы бар жалғызбасты анаға үй сыйлады

Блогер Мереке Қалбаева көпбалалы жалғызбасты анаға баспана сыйлады.

Танымал блогер тоғыз баласы бар жалғызбасты анаға үй сыйлады
бейнежазбадан

Бұл туралы ол өз парақшасында жазды.

Оның айтуынша, жалғызбасты ананың 9 баласы бар.

«Күшті жаңалығым бар. Алла разы болсын! Бүгінгі күннің ең күшті жаңалығы – бұйыртса, 9 баланың анасына үй аламыз. Бір миллион жетпей тұр, кейбір блогерлер мені лақтырды, бірақ қайырлысы, ол миллион теңгені мен Арсеннен сындырамын. Барлығы алла разылығы үшін, бәрі өзіміз үшін. Садақа деген адамның жолын ашатын, бүкіл арманның орындалуына себепші болатын нәрсе. Оны да бере алатын адам ғана береді екен ғой. Барша атсалысқан адамдарға Алла разы болсын!», – дейді ол.