«Қазақстан мұғалімі» ұлттық cыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық cыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды.
Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Байқауда мұғалімдердің академиялық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды, қоғамдық қызметтегі ерекше жетістіктері бағаланады.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Ол - 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры бар «Әлем мұғалімі» сыйлығының (Global Teacher Prize) ұлттық кезеңі.
Мұғалім — қоғам үшін құрметті де қажетті мамандықтардың бірі. Әрбір мұғалімнің шығармашылық әлеуеті бар және әр мұғалім қолдау мен құрметке лайық. Сыйлық мұғалімдердің ерекше жетістіктерін мойындап қана қоймай, оларға өсу мен өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы туралы толық мәліметті https://www.teachers-summit.org сілтемесі арқылы көруге болады.