Жол апатының хаттамалары неге көбіне орыс тілінде толтырылады – судья пікірі

24.04.2024, 18:53
688
Жол апатының хаттамалары неге көбіне орыс тілінде толтырылады – судья пікірі canva.com

Елордада әкімшілік құқықбұзушылық істердің қазақ тілінде қаралуы ден алуда. Толығырақ Астана қаласының соттарында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және дамыту жұмыстарын үйлестіру комиссиясының төрағасы, судья Айсұлу Сламбекова айтып берді.

 

«Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша арыз сотқа мемлекеттік мүдделі органдардан келіп түседі. Басым көпшілігі – жол-көлік оқиғасына байланысты, полицейлердің хаттамалары негізінде. Астанада бір жыл ішінде 853 (34%) әкімшілік істің қаралуы қазақ тіліне өзгертілген, яғни іс орыс тілінде түсіп, кейін қазақ тіліне көшкен. Оның себебі жол полициясы қызметкері мен құқықбұзушы екеуі де қазақ бола тұра, қазақша сөйлесе отырып, хаттаманы орыс тілінде толтырады», - деді судья Айсұлу Сламбекова.

Оның айтуынша, іс сотқа түскенде судьялар жаппай қазақ тіліне көшіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Астанада қалалық соттың ұйымдастыруымен «Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға судьялар, адвокаттар, Мәжіліс депутаттары мен тіл мамандары қатысты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды