Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

24.04.2024, 19:37
624
Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронмен кездесуінде Оксфорд университетінде қазақ тілі курстарын ашу туралы меморандумға қол қойылғанын мәлімдеді.

 

ҚР СІМ басшысы атап өткендей, Қазақстан мен Ұлыбритания үшін ортақ құндылықтардың бірі – адами капитал. Соңғы жылдары екі ел арасындағы білім беру саласындағы серіктестік белсенді дамып келеді.

«Британдық ғылым және білім беру жүйесі әрқашан біздің студенттер мен ғалымдарға тартымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, биыл Лондонда Нархоз және Queen's университеттері арасында серіктестік және қос дипломдық бағдарлама бойынша келісімдерге қол қойылды. Primus Capital және Ardingly колледждерінің уағдаластықтарына сәйкес, Қазақстанда екі халықаралық мектеп ашу жоспарлары да бар. Бүгін Оксфорд университетінде қазақ тілі курстарын ашу туралы меморандумға қол қойылды, - деді Мұрат Нұртілеу.

Оның айтуынша, британдық Оксфорд және Манчестер университеттерінің кітапханаларында, сондай-ақ Ұлттық музейде қазақ халқының тарихына қатысты маңызды қолжазбалар мен кітаптар табылған. Бес ғасыр бұрын 1562 жылы британдық дипломат Энтони Дженкинсонның «Қазақия» картасы жарық көрді.

«Болашақта мұндай бай және нақты деректер өзінің әділ бағасын тауып, екі елді байланыстыратын іргелі факторға айналатыны сөзсіз», - деді ҚР СІМ басшысы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады