"Кешірмейтін нәрселерім бар": Дариға Бадықова өміріндегі ұмытылмайтын өкінішін айтты

25.04.2024, 10:49
1431
"Кешірмейтін нәрселерім бар": Дариға Бадықова өміріндегі ұмытылмайтын өкінішін айтты бейнежазбадан

Бұл туралы “Біздің подкаст” жобасында айтып берді.

Өнер иесі кезінде туған інісіне көмектесе алмағаны үшін қатты өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар актриса қандай іс үшін адамды кешіре алмайтынын айтты. 

"Өмірімдегі ең үлкен өкінішім туған ініме байланысты болды. Бір дәрі керек болды. Сол дәріні салу керек кезде ақша таппай қалдым. Соған қатты өкінемін. Сол өкініш әлі де ішімде, кетпеді. Сол дүние мені қазір шабыттандырып тұрған сияқты. Сол нәрсе үшін мен алға ұмтыламын. Мен негізі бәрін тез кешіре саламын, қолымда барымды бере саламын. Аңқаумын. Кешірмейтін нәрселерім бар. Бір зат үшін кешіре алмайтын едім. Оны көрерменге айтуға дайын емеспін", – деді актриса. 

Сонымен қатар актриса өнердегі әріптесі Олжас Абаймен подкаст барысында еркін сырласып, ел білмейтін жайттарды ақтарды. Актриса әріптесіне өзімен жұмыс істеудің кемшіліктері туралы сұрақ қойды.

"Сенің көңіліңе тиіп қалады. Сен өте сезімтал адамсың. Сенімен жұмыс істеген қауіпті, кейде ыңғайсыз. Бірақ маған қолайлы. Себебі менің мінезім ондайды көтереді. Сен кәсібилігіңе сеніп, бостау қарап жатасың рөлге. Маған сол ұнамайды. Көп уайымдайсың. Болмайтын немесе өтіп кеткен дүниеге көп уайымдайсың. Рөл сомдауға келгенде сол уайымның барлығы көзіңнен көрініп тұрады", – деді актер. 

 

«Халық үшін қам жеген асыл азамат»: Сәкен Майғазиев қастандық жасалған Руслан Берденовке қолдау білдірді «Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады «Әбден қанымды ішті»: Қалдыбек Құрманәлі қызы Әнару туралы шындықты айтты Шашқа арналған сусабын тауып алған әйел тақырбас жігітін опасыз деп айыптады Ердоғанның ұлы Ресейге деген махаббатын білдірді Ішкі қауіпсіздік министрін мейрамханада тонап кетті «Ауырдым дегенін естіген жоқпыз»: Еліміздің 115 жастағы ең қарт тұрғыны қара жұмысқа әлі тың екенін айтты (видео) Оралдың орталық көшелерінде күзге дейін ыстық су болмайды Отандық Cybernet AI стартабы Microsoft-тың жаһандық бағдарламасына өтті Жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті Оралда мектеп оқушысы онлайн ойындар арқылы діни сектаға кіріп кеткен Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды Күйеуі өртеген Индира Тергеубаеваның ісі: айыпталушылар жазадан құтылып кетті Семейде итті ағашқа асып азаптаған адам зейнеткер әйел болып шықты «Хуторский Хасанға» қатысты қылмыстық іс туралы полицейлер мәлімдеме жасады Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр жауып, күн жылынады «Құрылыс саласын реттеуге байланысты»: Руслан Берденовке не үшін қастандық жасалғаны айтылды Дәрігерлер Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары