«Колонияда концерт пен КВН ұйымдастырып жүр»: сотталған вайнер Мейіржан Төребаевтың жағдайын әйелі айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
25.04.2024, 15:15
2295
«Колонияда концерт пен КВН ұйымдастырып жүр»: сотталған вайнер Мейіржан Төребаевтың жағдайын әйелі айтып берді жеке парақшасынан

Танымал актер, блогер Мейіржан Төребаевтың теміртордағы өмірінің қалай өтіп жатқанын әйелі Дана Есеева айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзілкештің әйелі де белгілі блогер. Ол оқырмандарымен жиі сырласып, күйеуінің өмірінен сыр шертіп отырады. 

“Қысқаша айтсам: Биыл ақпанға дейін ол тергеу изоляторында болды. Қазір елді мекендер колониясы, Павлодар қаласына көшірілді. Күндіз жұмыс істейді, кешке бөлімге оралады. 5 жылдың 3 жылын өтеді. Концерттер, КВН ұйымдастырады. Спорттық жарыстарға қатысады. Жеңеді. Көп оқиды. Жазбалар жазады. Оның денсаулығы жақсы", – деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін сотталушының қай жерде жазасын өтеп жүргені белгілі болған еді. 

Мейіржан Төребаев "№44 мекеме" РММ-де жазасын өтеп жүр. 13 наурыздан бастап ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Павлодар" филиалында жұмысқа орналасқан. 

Мейірхан Шерниязов та "№44 мекемеде" жазасын өтеп жатыр. 13 наурыздан бастап ІІМ ҚАЖК ведомстволық қызметінде "Еңбек-Павлодар" РММ-де жұмысқа орналасқан.

“Павлодар облысы бойынша ҚАЖД "Еңбек-Павлодар" РММ сотталғандарды жұмыспен қамтумен және тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысады", – делінген ведомство хабарламасында. 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты