Цифрлық даму министрлігі ауылдық мектептерге 250-ге жуық Starlink терминалдарын жіберді

25.04.2024, 17:49
904
Цифрлық даму министрлігі ауылдық мектептерге 250-ге жуық Starlink терминалдарын жіберді getty images

Илон Масктің интернеті еліміздің бірнеше өңіріне жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің үш аймағына 250-ге жуық Starlink терминалын жіберді. Осылайша Ақмола облысына 138 терминал, Жамбыл облысына 53 терминал және Жетісу облысына 55 терминал жеткізілді. Осы өңірлерде терминалдарды қосу жақын арада жоспарланып отыр.

 Жалпы бүгінгі таңда еліміз бойынша 502 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі облыстық әкімдіктердің сұраныстарына сәйкес су тасқыны аймағындағы өңірлерге 48 Starlink терминалын жібергенін айта кеткен жөн.

 Министрлік Қостанай облысына 30 терминал, Ақтөбе облысына 3 терминал, БҚО-ға 3 терминал, Ұлытау облысына 1 кешен, Атырау облысына 6 терминал, ШҚО-ға 2, СҚО-ға 3 терминал жіберді. Starlink, ең алдымен, үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету үшін облыс мектептерін жабдықтайды.

Өткен аптада министр Бағдат Мусин SpaceX жаһандық байланыстар және белсендіру жөніндегі директоры Ребекка Хантермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанда Starlink технологиясын кеңейту, ауылдық мектептерді кең жолақты интернетпен жарақтандыру, сондай-ақ цифрлық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, SpaceX өкілдері Шұбар ауылындағы Starlink-ке қосылған мектептердің біріне барды.

Цифрлық даму министрлігі өңірлердің ауылдық мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Алдағы уақытта басқа аймақтарға қосымша Starlink терминалдарын жеткізу жалғасады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады