«Бәсекелес бола алмаймыз»: Гүлнұр Мамасарипова актриса Дариға Бадықова туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 11:31
2275
«Бәсекелес бола алмаймыз»: Гүлнұр Мамасарипова актриса Дариға Бадықова туралы айтты бейнежазбадан алынған кадр

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова актриса Дариға Бадықованың түсірген фильмдері туралы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Гүлнұр Мамасарипова фильмдегі саундтректің маңызы жайлы сөз қозғады.

Өнер иесі Динара Сәтжанның бағдарламасында телехикаясына түскен актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың "Сезім үшін" әні туралы айтты.

"Негізі саундтрек маңызын жойды деп ойлағанмын. Бұрын ол басты құралдың бірі еді. Алайда кейін оған аса мән берілмейтін үрдіс пайда болды. Тұрар Ыдырыс "Жар-жар" фильміне ән жазатын кезде Сарамен ұрысып қалды. Қырсықтық қой. Сол ән жазылмай, сәті түспей қалды. 

Кейін "Таптым-ау сені" фильмінде Дариға Бадықова ән жазды ғой. Ол өте сәтті шықты, оны мойындау керек. Мен жалпы Дариғаны өзіме бәсекелес ретінде қарай алмаймын. Біз бәсекелес бола алмаймыз. Бірақ сол саундтректің сәтті шыққаны соншалық бірден халық арасында тарады. Көп қаралым жинады. Біздің қоғам махаббатқа зәру ғой. Қазақтар өліп бара жатса да бір-біріне "Жақсы көремін" деп айтпаймыз ғой. Фильмнің өзінде "Мен сені сүйемін" деп айту қиын ғой. Махаббат қазақтар үшін күрделі тақырып. Сондықтан Дариға мен Абай Олжастың, орта жастағы ер мен әйелдің соншалық бір-біріне сезіммен айтылған әні қоғамға өтіп кетті. Содан кейін "Құдай-ай, саундтрек шығара салу керек еді" деп ойладым. Сөйтіп осы жолы ән жазылды, тақырып келіп тұр. Екеуінің әні (Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелдінің - ред.) жарыққа шықсыншы дедім. Саунтрек қосымша қаралым жинайды ғой. Сондықтан оның зияны жоқ", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді