«Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынады

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 13:28
2071
«Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынады бейнежазбадан алынған кадр

Өнер иесінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жанайқайын ертерек жеткізгенде тіпті Салтанат тірі қалар еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарманды сынға алды. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Айтуынша, экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қахарман ел алдына шығып, сұхбат беруі ештеңеге әсер етпейді.

"Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан, Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда, білімділігін бөлек қойғанда, күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді. Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан-тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны…

Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп, өйтіп еді, сөйтіп еді, ал мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап...

Алдында қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті", –  дейді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жанайқайын ертерек жеткізгенде тіпті Салтанат  тірі қалар еді.

"Егер, бұл айел   өзі ажырасып жатқан кезеңде, дәл қазіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтса ғой, Салтанат тірі болар ма еді, деген ойлар келеді. ”Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма?!”. Бояуы сіңгенде, бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Ол қандай болса да   балалардың әкесі болып қалады! Күлге аунап тумады ғой. Бұл жайтты өзгерту мүмкін емес! Балаларының тегі, қаны соныкі! Дау өршіп тұрған дәл қазіргі уақытта өз басым  ана ретінде, балаларымның жан тыныштығы үшін, үндемей отырар едім. Әттең-ай. Бұлай танымал болмай-ақ қойсақ",  –  деді әнші  Instagram парақшасында. 

 
"Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен