SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер ауыр қаза болса да, сабыр сақтап отырғанын жазды.
“Рашид Ағам өмірден озды… Өте мейірімді таза жан еді. Бала кезімде маған үй жинауды үйреткен. Бір күні кешке қарай Жаңаарқада біз апам үшеуіміз НЛО көргенбіз. Рас айтам. Бірақ бізге ешкім сенген жоқ… Түсінемін, бұл өмір. Бірақ бәрібір ауыр”, – деп жазды продюсер.
Айта кетейік, ақпан айында журналистің немере ағасы да қайтыс болған еді.
"84 жасында немере ағамыз Далабай Сәтжан қайтыс болды. Біз оны Ахке дейтінбіз. Өмір бойы, 61 жасқа толғанға дейін ол физика және математика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ол мейірімді, сонымен қатар талапшыл және әділ болды”, – деп жазғаны ел есінде.