Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды

Аиса Махамбет Редактор
28.04.2024, 10:31
1633
Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды бейнежазбадан алынған кадр

Белгісіз біреулер марқұм Салтанат Нүкенованың есімін пайдаланып, жұрттан ақша жинаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгісіз біреулер марқұм Салтанат Нүкенованың есімін пайдаланып, жұрттан ақша жинаған. Бұл жайлы Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында ескерту жасады.

Айтбек Амангелді осы уақытқа дейін ешқандай ақша жинамағанын айтып, Ішкі істер министрлігінен алаяқтарды ұстауды сұрады. Айтуынша, емге ақша жинау үшін марқұм қарындасының суретін пайдаланып жүргендер бар. 

«Емге ақша жинау үшін Салтанаттың суреті мен видеоларын пайдаланғандардан өшіруді талап етемін. Салтанаттың суретін қаралым жинау үшін пайдаланғандары жиіркенішті. Әсіресе, оның суретін курсын сату үшін пайдаланғандар өте төмен дәрежедегі іске барды. Адамның қайғысына жанашырлық таныта отырып, өзінің реквизитін жазып қою дұрыс емес», – деді Айтбек Амангелді. 

Айтбек Амангелді көпшілікті осындай алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады