Жолаушылар вагоны жаңаларына ауыстырылды
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Алматы – Петропавл» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында 12 вагон жаңаларына ауыстырылған.
Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Түрксіб Астана» ЖШС. Сонымен бірге тағы 10 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Жолаушылар вагондары «ЗИКСТО» АҚ отандық зауытында жасалған. Олар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші