«Итіме кім ескерткіш қояды деп уайымдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан сәті туралы айтты

29.04.2024, 09:26
2311
«Итіме кім ескерткіш қояды деп уайымдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан сәті туралы айтты Бейнежазбадан

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Алғашқы» бағдарламасында денсаулығы сыр беріп, ота жасалған сәт туралы айтты.

Aikyn.kz хабарлауынша, сазгер ауруханада жатқанда итін қатты уайымдағанын айтады. Өйткені оған ескерткіш қоюды жоспарлап жүрген екен. 

«Ауруханада дәрігер келіп «Үш күннен кейін жасаймыз, екі күн қалды» деп айтып тұрады. Ол маған «Ажалыңа екі күн қалды» дегендей естіледі. Бір палатада жалғыз өзім жаттым. Тірі қалуым бірінші Құдайдың, екінші осы дәрігерлердің арқасы ғой. Ота алдында бір-ақ нәрсе ойладым. Ол менің Құтжол деген итім бар еді. «Егер олай-бұлай боп кетсе, Құтжолға кім ескерткіш қояды?» деп уайымдадым. Сосын балаларыма хат жаздым. «Мен кетіп жатсам, жұрттың қарсылығын қарамай, ауылда Құтжолға ескерткіш қойыңдар» деп. Өйткені мені арманымның құтты жолына шығарып салған. Оған уәде бергенмін. Балаларымның болашағын ойламадым. Олар ер жетіп қалды, оң-солын біледі. Бәлкім менің кетіп қалғаным оларға кішкене еркіндік сыйлайтын шығар. Себебі қатал әке болдым. Қызымды ойладым. Қазір қызыма «Сен үшін тірі қалдым» деп айтып отырамын», - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Композитор ауылдан қалаға кеткенде иті ғана шығарып салғанын, сондықтан сол жүрген жерге ескерткіш қойғысы келетінін айтты.

Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады