2469

"Әннің қадірін қашырдың ғой": Мақпал Жүнісова пародия жасаған тыңдарманын сынап тастады

Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған қыздың видеосы тарады.

"Әннің қадірін қашырдың ғой": Мақпал Жүнісова пародия жасаған тыңдарманын сынап тастады
ztb.kz

Ол әншінің сахнада ән айтып тұрған сәтін салған. Әнші осы видеоны көріп, пікір қалдырды.

«Қарағым, әннің қадірін қашырдың ғой. Мен сіз сияқты айтпаймын, екі деген баға!» - деді өнер иесі. 

Видеодағы қыз бейнежазбаның әлеуметтік желіге салынғанынан бейхабар болып шықты. 

«Мақпал Жүнісоваға пародия салмадым, ол кісідей болу бізде қайда?! Үйдегілерге концерттен алған әсерімді бөлістім. Бұл видеоның Тикток желісіне салынғанын да білмедім. Артық сөкпеңіздер», - деді ол.