Прокурор Талдықорғанның бұрынғы бас полицейін 12 жылға соттауды сұрады
Талдықорған қалалық сотында қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
2024 жылдың 30 сәуірінде мемлекеттік айыптаушы Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ақпаратты Halyq Uni тілшісіне Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі растады.
Істі судья Әлібек Әбдіхаевтың қарап жатқаны белгілі. Қылмыстық іс жабық форматта қаралып жатыр.