ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді

02.05.2024, 12:40
881
ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» АҚ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді.

Жолаушылардың қаперіне:

  • Жолаушылар пойыздарымен тек үй жануарларын тасымалдауға рұқсат етілген. Олардың (мысықтар, иттер, құстар) саны екіден аспауы керек. Үй жануарлары мен құстарды тасымалдау тиісті ветеринариялық паспорттар немесе анықтамалар болған кезде ғана рұқсат етіледі. Анықтамаларды міндетті түрде пойызға отырғызар кезде көрсету керек.
  • Басқа жолаушыларға қолайлы болу үшін және аллергиялық реакцияларды болдырмауын қамтамасыз ету үшін үй жануар иесінің купенің барлық орнын толығымен сатып алуы қажет. Жануарларды иесінсіз пойызға кіргізуге рұқсат етілмейді.
  • Одан бөлек, үй жануарларын тасымалдау кезінде олар үшін тек иелері жауап береді. Жануарлардың иесі оларды (торда, жәшіктерде, себеттерде) станцияларда, пойызға отыру/шығу кезінде, сондай-ақ пойыздың өзінде бақылауда ұстауы керек. Оларды тамақтандырып болғаннан кейін тазалықты сақтап, артынан жинастыруды ұмытпаған жөн.
  • Үлкен иттерге тұмылдырық пен қарғыбау тағу міндеттеледі. Үлкен итпен саяхаттау кезінде оның салмағы бойынша есептелген багаж тарифі қолданылады. Ірі иттер тек бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурына орналастырылады. Үй жануарларының иесі оны алып жүруге және сапар кезінде қауіпсіздікке толық жауап береді.
  • Зағип иесімен бірге жүретін бағыттаушы ит вагонның кез келген түрінде болуы мүмкін. Ол үшін қосымша ақы алынбайды. Сонымен қатар, вагон-мейрамханаларға жануарлармен кіруге рұқсат етілмейді. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды тасымалдауға болмайды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға үй жануарларымен сапарларын алдын ала жоспарлауды және жануарлардың жүру шарттары туралы ақпаратты 1433 тегін телефоны арқылы, сондай-ақ вокзалдың билет кассаларынан алуға болатынын ескертеді, – делінген хабарламада.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады