627

Су тасқан аймақтардағы түлектерге соңғы қоңырау онлайн болуы мүмкін

Бұл туралы Оқу–ағарту министрлігінің өкілі айтты.

Су тасқан аймақтардағы түлектерге соңғы қоңырау онлайн болуы мүмкін
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оқу-Ағарту Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Сәуле Әпетова «1001 түн» бағдарламасында айтты. 

«Қазіргі таңда бүгінгі күннің ақпаратына сәйкес 39 мектептің оқушылары, яғни 29 мың бала қашықтан оқып жатыр. 25 мамырға дейін жағдай осы қалыпта қалса онлайн форматта өткізілетін болады»,-деді Сәуле Әпетова.

Еске сала кетсек, бұған дейін тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі түлектерге қосымша білім гранттары бөлінуі мүмкін екенін жазған едік.

Материал авторы