Астанада робототехника бойынша халықаралық чемпионат басталды

03.05.2024, 11:14
914
Астанада робототехника бойынша халықаралық чемпионат басталды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Астанада "Robotek Grand Tournament" халықаралық чемпионатының ашылуы өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Robotek" компаниясы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен "Астана дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырып жатқан іс-шара екі күн бойы өтеді.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен "Robotek Grand Tournament" облыстық турнирлерінің жеңімпаздары келді. 10-17 жас аралығындағы бірнеше жас топтарындағы 200-ден аса оқушы "Robotek", "Мерген", "Инверттік сызық бойынша жарыс", "Туды жеткізу", "Робот – жеткізуші" және "Робот-сұрыптаушы" сынды жеті санатта жарысады.

"Астана дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Жанар Бесенбаева чемпионат елімізде үшінші жыл өтіп жатқанын айтты.

"Біз қалалық турнирден бастадық, өткен жылы республикалық чемпионат өткіздік, ал биыл халықаралық деңгейге шықтық, өйткені чемпионатқа Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан балалары қатысуда. Келесі жылы біз конкурсқа қатысуға ниет білдірген тағы бірнеше елді қосуды жоспарлап отырмыз. Робототехника әлемдегі бірінші бағыт екенін бәрі біледі, сондықтан біздің турнирдің жеңімпаздары болашақта мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады. Астананы №8 мектеп-лицей, №22 мектеп-гимназия, Экономикалық лицей, Skillset мектебі, Talant school, STEAM school және Milestones school оқушылары ұсынады. Барлығы ҚР-дан 219 қатысушы және шетелден 16 қатысушы қатысты", - деді ол.

Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі, сондай-ақ арнайы номинациялар (үздік инженерлік шешім, Үздік ауыл командасы, үздік шетелдік команда) бойынша сыйлықтар дайындалады.

Астаналық "Робот – жеткізуші" номинациясына қатысушы Глеб Листопадный бұған дейін өз роботын ұзақ уақыт баптағанын айтты.

"Мен бұл турнирге бірінші рет қатысып отырған жоқпын, өткен жылы да қатыстым. Бұл өте қызықты турнир, өйткені менің мықты қарсыластарым бар және барлығы жеңгісі келеді. Мұнда жеңімпаз болу – үлкен жетістік, өйткені қатысушылар өте жақсы роботтарды әкеледі және әркім өзін жақсы және күшті жағынан көрсеткісі келеді. Өткен жылы мен "Робот-биатлон" номинациясы бойынша екінші орынды иелендім, биыл бірінші орынды иеленуге мақсат қойып отырмын. Менің осы сүйікті ісімнің болашақта мамандық таңдауға көмектесетініне сенімдімін", - деді оқушы.

"Robotek Grand Tournament" алаңында түркітілдес елдердің робототехника мектептері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.

Чемпионат жүлдегерлерінің бірі Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінде оқуға грант алады.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді