«Бала зорламақ та болған»: Алматыда мәйіттермен жыныстық қатынасқа түскен күзетші туралы әріптесі сұмдық деректерді айтты

Аиса Махамбет Редактор
03.05.2024, 15:15
1198
«Бала зорламақ та болған»: Алматыда мәйіттермен жыныстық қатынасқа түскен күзетші туралы әріптесі сұмдық деректерді айтты бейнежазбадан алынған кадр

Адам мүрделерімен жыныстық қатынасқа түскен күзетші дау шыққан мекемеде 2023 жылы жұмыс істеген екен. Әріптестерінің айтуынша, психикалық ауытқуы болуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы мәйітханада өлген адамдарға зорлық жасаған күзетші туралы әріптестері айтып берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Адам мүрделерімен жыныстық қатысқа түскен күзетші дау шыққан мекемеде 2023 жылы жұмыс істеген екен. Әріптестерінің айтуынша, психикалық ауытқуы болуы мүмкін. 

"Ол кісі біздің алдымызда осы жерде жұмыс істеген. Бала-шағасы бар-жоғын білмеймін. Естуімше, жалғыз тұрады, үш бөлмелі пәтері бар. Әпке-жездесі бар екен, бірақ олар бөлек тұрады екен. Әке-шешесі жоқ. Бізге мәйітхананың ішіне кіруге рұқсат жоқ. Біз сырта қақпаның есігін ашамыз, жабамыз. Бірақ ол кісі сол кезде жұмыста болған, сол сәтте ғимаратқа кірген шығар. Бәлкім сол кезде өзінің әрекетін іске асырған. Мен кеше ғана естідім де таңғалдым. Ол кісі психикалық ауытқуы бар адамдардың есебінде тұрған дейді. Өйткені кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан деп естідім. Сіздерге беретін ақпарат осы ғана", – дейді мәйітханадағы күзетші әйел. 

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі дереу ресми пікір білдірген еді. 

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда", – деді Салтанат Әзірбек.

Күдікті қамауға алынды. Ал мәйіттерді қорлаған ер адамды қандай жаза күтіп тұр? Осы орайда заңгердің де пікірін білген едік. 

"Кейбір мемлекетте бұл азғындық, адамгершілікке қарсы қылмыс деп саналса, кейбір мемлекетте психологиялық ауытқу болып саналады. Оны әр мемлекет әртүрлі емдейді. Бірі оны психиатриялық емдеуге жіберсе, кейбір мемлекеттерде ол үшін қатаң жаза, тіпті өлім жазасына дейін бар. Ол туралы біздің ҚР Қылмыстық кодексінде бар. Бұл бірнеше бап болуы мүмкін. Қазақстанда бұл аса ауыр қылмыстың санатына жатпайды. Қазақстанда қылмыстардың төрт санаты болса, бұл ауырлығы бойынша орташа қылмыс санатына жатады. Бірақ біз мұны жазасын беруді ғана емес, қоғам ешқандай қылмысқа төзбейтінін көрсетуіміз керек. Яғни тірі адамға жасалған қылмыс болсын, өлі адамның мәйітіне жасалған қылмыс болсын біз зорлық-зомбылықтың барлық түрімен күресуіміз керек. Бұл азғындық екенін, адамгершілікке жатпайтын, адамшылыққа қарсы қылмыс екенін үнемі айтуымыз керек", – дейді заңгер Айгерім Құсайынқызы.  

Медицина саласындағы мамандар мұндай адам шошырлық әрекетке барған адамдардың психикалық ауытқуы барын айтады.  

"Некрофилия – мәйітке құмарлық, өлі тәнге құмарлық. Бұл жас таңдамайды, әртүрлі жастағыларда бола береді. Мысалы, жасөспірімдерде болуы мүмкін, қартайған адамда болуы мүмкін. Мәселен, кейбір отбасыларда алға ұмтылу жоқ, бір-бірімен байланысы жоқ, бір-бірімен араласпайтын, сөйлеспейтін, мейірімі мен махаббаты жоқ отбасылардың кейбір балалары да осындай "некрофилия" деп аталатын дертке шалдығуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, бұл психикалық ауытқу, психикалық ауыру. Педофилияның тағы бір түрі. Некрофилияның әйелі де, еркегі де болады", – дейді танымал психиатр Санжар Тұрсынметов.

Еске сала кетсек, мәйітхана күзетшісі өлген адамдарға жасаған азғындық әрекетін бейнекамераға түсіріп, кейін ұялы телефонын ломбардқа өткізген. Сол сәтте оның адам шошырлық қылмысы әшкере болады.   

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды