«Қазақ тілін әңгімелесу арқылы үйрендім»: 13 тіл білетін ақтаулық мейірбике туралы не білеміз (видео)

Аиса Махамбет Редактор
03.05.2024, 19:56
901
«Қазақ тілін әңгімелесу арқылы үйрендім»: 13 тіл білетін ақтаулық мейірбике туралы не білеміз (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Мейірбике шетелдіктерге қазақ тілін үйрететінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 тілді меңгерген ақтаулық Самира Абдуллаева қаладағы мектептердің бірінде мейірбике болып жұмыс істейді. Ол Qazaqstan телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында елге деген құрметім ретінде, шетелдіктерге қазақ тілін үйретем дейді. 

Телеарна мәліметінше, ұлты әзербайжан отандасымыз көп тіл білуге деген қызығушылық халықаралық қатынастар мамандығын оқығанда туғанын айтады.

Кейін Самира тілдердің емлесін ұғынып, тез жаттап алуды әдетке айналдырған.

Бүгінде екі баланың анасы, мектепте мейірбике болып қызмет ететін Самира Абдуллаева орыс, ағылшын, түрік, үнді, иран, грузин, малай, португал тағы басқа тілдерінде еркін сөйлеп, қала қонақтарымен өз тілінде сөйлескенді жақсы көреді. 

"1998 жылдан бері Қазақстанның керемет Ақтау қаласында тұрамын. Өте ризамын. Қазақ халқына алғысым шексіз. Қазақ тілін әңгімелесу арқылы үйрендім. Қазақ тілі - бай тіл. Менің ана тілім сияқты. Елге құрметім шетелдіктерді ретінде мемлекеттік тілді білуге тартып, үйренуге көмектесемін", - дейді Самира Абдуллаева. 

Полиглот мейірбике қазақтың салт-дәстүрін де үйреніп, ұлттық тағамдарды жиі дайындайтынын айтты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды