«Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты

Аиса Махамбет Редактор
04.05.2024, 15:15
2398
«Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты бейнежазбадан алынған кадр

«Үш рет сұра, бермесе кешіріп жібер!» дейді әнші. Бұл туралы ERNUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Инстаграм» парақшасында қарыз берудің және қарыз алудың шарттары жайлы сөз қозғады. Бұл туралы сұрақты оған жақында ғана «ZERO. Қарыз» фильмін түсірген әнші Бағлан Әбдірайымов қойды. 

«Телефонымдағы банк шотынан қарасам, жылына 180 миллиондай табыс табады екенмін. Бір адамға қарыз ретінде берген ең үлкен ақшам 20 миллион теңге бопты. Ал қайырымдылық ретінде мешіт соққанымды көпшілік білетін шығар. Оған шамамен 20 миллион теңгедей қаржы кетті. Басқа қайырымдылық көмектерді айтпай-ақ қояйын. Қазір маған бірнеше адам 30 миллион теңгедей қарыз боп тұр.

Пайғамбарымыз «Сенің алдыңа біреу қарыз сұрап келсе, оны өзі келіп тұр деп ойлама. Оны Алла жіберіп тұр. Сен оған көмектескен сәттен бастап, саған үлкен сауап жазылады. Ол саған қарызын қайтарған сайын саған береке боп қайтады» дейді. Сондықтан біреу қарыз сұрап келсе, бетін қайтарғым келмейді. Жағдайы белгілі боп тұрады ғой өзі, нашақор, алаяқ болмаса, беруге болады.

Қарыздың пәтуасында «Біреуге бір жылғка қарызға ақша берсең, бір жылдан соң бір рет сұрау керек. Сосын қалаған уақытыңда екі рет сұрайсың» делінген. Үшеуінде де бермесе, алған ақшасын қайтараса, онда кешіріп жіберу керек. Шын мұсылман солай етуі тиіс. Қайта-қайта сұрай берсең, онда ақысы саған кіріп кетеді. Кешіріп жібер немесе «Ақыретке қойдым» десең, болды, ақыретте соның үстемесі саған сауап болып жазыдады», - деді Әбдіжаппар Әлқожа. 

Өнер иесінің әлеуметтік желідегі оқырмандары бұл тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдірді.

«Бай болсам мен де осылай айтар едім», «Әбдіжаппар жайлы жаман сөз естімегем, мықты жігіт», «Дұрыс айтады, қарыз сұрап алдыңа келсе, шамаң жеткенше көмектес», «Сөзі басқа, ісі басқа, су тасқынына 100 мың теңге берген», «Маған қарыз бере тұршы», «Адамнан емес, Алладан сұраңдар, сонда бәлкім Әбдіжаппардың алдына жіберіп қалар», «Мына сөзден кейін қарыз алғандар қайтармайды ғой, неге айттың?» деп жазды көпшілік.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды