Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр

04.05.2024, 15:58
861
Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр Jogargy_sot

Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта жарыссөздің бірінші кезеңі аяқталды. Үзілістен кейін судья Айжан Құлбаева тікелей эфирді тоқтатып, алқабилердің шығуын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жарыссөздің екінші бөлімі алқабилердің қатысуынсыз өтеді. Сол себепті эфир тоқтатылып, БАҚ өкілдері сот залынан шықты.

Жарыссөздің екінші бөлімінде мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық өкіл, қорғаушының және сотталушы сөйлейді. Онда сотталушының тағылған айыбы, жазасы және азаматтық талап талқыланады. 

Қазір Бишімбаев пен Байжановты соттау қажет деген баптар талқыланып жатыр.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары экс-министрдің әрекетін 104-баптың 1-бөлігі "Абайсызда болған адам өлімі" бойынша саралауды сұраған. Бұл бап үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеуді қарастырады.

Ал айыптаушы тарап қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы "Материалдық жағынан тәуелді адамға күш көрсету әрекеттерін қолдана отырып, жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы дене және психикалық зардап келтіру" және 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру"баптары бойынша соттауды талап етті.

Келесі сот отырысы 6 мамыр сағат 10:00-де болады.

Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО)